Ауа райы
Астана 12 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Флорида жағалауында ұшақ мұхитқа құлады

2019 жылдың 25 мамыр 2019 13:05

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұма күні Флорида жағалауында Атлант мұхитына Cessna Citation V шағын ұшағы құлап, кем дегенде бір адам мерт болды. Сенбі күні АҚШ Федералдық авиация басқармасы (ФАБ) Twitter-де жариялағандай, бизнесджеттің бортында тек ұшқыш болған.

Апат Форт-Лодердейл портынан 200 шақырым қашықтықта орын алды. Ұшақ Иллинойстан Флоридаға бара жатқан. ФАБ дерегі бойынша, диспетчерлер ұшақпен байланысты апат болардан бір сағат бұрын жоғалтқан.

Басты сөздер: Оқиға, Әлем,
Жоғары қарай