Ауа райы
Нұр-Сұлтан 25 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 378.83
EUR 430.99
RUB 6.04
CNY 55.05

Фируза Шәріповаға чемпиондық белбеуін қайтару үшін қанша қаражат керек

2019 жылдың 4 сәуір 2019 18:20 1011

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстандық кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпова Мәдениет және спорт министрлігінің чемпиондық жекпе-жекке қаражат бөлу туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз Мәдениет және спорт министрлігіне және министр Арыстанбек Мұхамедиұлына зор алғысымызды білдіреміз. 2018 жылдың мамыр айында бізге көрсетілген қаржылық көмектің арқасында өткен жылдың 9 қыркүйегінде Санкт-Петербургте айқас өткізіп, жеңіл салмақтағы WIBA нұсқасы бойынша әлем чемпионы титулын сақтап қалдым», - деп жазады спортшы Инстаграм парақшасында.

Боксшы өзінің чемпиондық белбеуін сақтап қалу үшін қанша қаражат керек екенін де жасырмады.

«Осыдан кейін-ақ маған бірден IBO нұсқасы бойынша әлем чемпионы және WBC Silver белбеуі үшін айқас өткізу керек еді. Осы және екінші жартылай салмақта толыққанды WBC әлем чемпионы жаңа титулын жеңіп алу үшін біз Ева Вальстреммен келісімге келген едік. Алайда 500 мың доллар көлемінде қаражат таба алмадық», - дейді боксшы.

Оның айтуына қарағанда, тартып алынған белбеулер үшін аталған қаражат әлі де қажет.

«Мен екі салмақ бойынша әлем чемпионы едім. Енді қазір бір салмақтағы осындай мәртебемнен айырылып қалдым. Тартып алынған белбеу пен жаңа титулды жеңіп алу үшін 500 мың доллар керек. Кейбір БАҚ-та ақпарат дұрыс жарияланбай жатыр. Біз ешкімді кінәлап тұрған жоқпыз. Жай ғана айқасымды өткізу үшін қаржылық көмек сұраймыз. Бұл - ең мәртебелі титул және әлемдегі ең үздік қарсыласпен болатын жекпе-жек», - дейді спортшы.

Еске сала кетсек, Фируза Шәріпова IBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы титулынан және WBC Silver белбеуінен айырылғаны осыған дейін хабарланған болатын. Оған қатысты спортшы:

«Бұл - қалыпты жағдай, себебі бір жылдан бері қорғалған жоқ. Чемпион өз белбеуін қорғауы тиіс. Өткен жылдың соңында Ева Вальстреммен бірлескен айқас өткізуді жоспарладық. Ол - WBC тұжырымы бойынша чемпиондық титулдың иегері. Қаржыландыруға көмек сұрадық. Әкімдіктер мен Мәдениет және спорт министріне хат жолдадық. Өкінішке қарай, бізге қаражат табылмады», - деген еді.

Спортшының осы сөзінен кейін ҚР Мәдениет және спорт министрлігі кәсіпқой боксшы Фируза Шәріпованың мәлімдемесіне ресми түрде жауап берді.

 

 

 

 

Автор: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Бокс,
Жоғары қарай