Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Фируза Шәріпова кітап жазбақ

2019 жылдың 24 мамыр 2019 17:51

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова өзінің өмірбаянына негізделген кітап жазбақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат спортшының баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

«Өзімнің автобиографиялық кітабымды жазуға дайындалып жүрмін. Қазіргі кезде жұмыс істеу үшін баспа үйін іріктеу жүріп жатыр. Ал бірлесіп жазған автор ретінде менің менеджерім Сергей Завилейский болады. Осы кітапты шығару процесіне қатысуға Сіздерге ұсыныс жасаймын», - деп жазды Ф. Шәріпова Instagram-да.

Осы орайда кітап атауына қатысты идеясын айтқандар өз үлесін қоса алады.

«Менің кітабыма атауларды ұсыныңыздар. Конкурста жеңіске жеткен адам жаңа Samsung Galaxy A50 телефонын алады», - деп уәде етті спортшы. Конкурс қорытындысы 31 мамырда жарияланбақ.

Белгілі болғандай, кітапта кез келген жас спортшының алдында тұрған қиындықтар туралы баяндалады.

«Аяқтан шалған адамдардың аты-жөнін жариялаймын. Олар кезінде уәдені үйіп төккенімен, нәтижесінде менің және команданың уақытын босқа шығындады. Әрине, біздің командаға қолдау көрсеткен адамдарды да ұмытпаймыз», - деп хабарлады Фируза Шәріпова.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Халықаралық бокс федерациясының (IBO) тұжырымы бойынша екінші жартылай салмақтағы әлем чемпионы, қазақстандық Фируза Шәріпова мен ресейлік Юлия Куценконың жекпе-жегі 2019 жылдың 16 маусымында Екатеринбургте өтеді.

Шәріпованың Куценкоға қарсы алғашқы айқасы 2018 жылдың 8 қыркүйегінде Санкт-Петербургте өтіп, қазақстандық спортшының жеңісімен аяқталған еді.

Автор Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Бокс, Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай