Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Филиппиндегі жер сілкінісі: 8 адам қаза тауып, 60 адам жарақат алды

2019 жылдың 27 шілде 2019 12:49

НҰР-СҰЛТАН – МАНИЛА. ҚазАқпарат – Сенбі күні Филиппинде жер сілкінді. Зілзаладан 8 адам қайтыс болды, 60 шақты адам жарақат алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат CNBC-ге сілтеме жасап.

Филиппин үкіметінің таратқан ақпаратына сәйкес, 5,4 магнитудалы жер сілкінісі Батанес аралында болған. Артынан 5,9 магнитудалы тағы бір жер сілкінісі қайталанған. Біраз уақыттан соң тағы да қатты жер асты дүмпуі сезілген.

Негізгі жер сілкінісінің салдарынан 5 адам қаза тапты, ал одан кейінгі жер асты дүмпулерінен тағы үш адам көз жұмған. Бұл туралы Reuters агенттігіне елдің Төтенше жағдайлар жөніндегі ұлттық кеңестің атқарушы директоры Рикардо Джалад хабарлады.

Айта кету керек, Филиппин елі сейсмикалық жіне жанартау қаупі жоғары Тынық мұхиттың отты сақинасында орналасқан.

Аударған Алмас Жексенбаев

Басты сөздер: Әлем, Жер сілкінісі,
Жоғары қарай