Ауа райы
Астана 24 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 412.10
EUR 454.34
RUB 5.82
CNY 57.62

FIFA коронавируске байланысты ұсыныстар тізімін жариялады

2020 жылдың 9 сәуір 2020 03:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) әлемде коронавирус пандемиясына байланысты футболды уақытша шегеру жағдайына қатысты ұсыныстар тізімін жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ұйымның сайтына сілтеме жасап.

FIFA клубтарға қалыптасқан жағдайға байланысты футболшылар үшін бірқатар жеңілдік жасауды ұсынды. Кейбір ойыншылардың еңбек келісімшарты биылғы жазда бітуі мүмкін. Мұндай жағдайда клубтар оны маусым соңына дейін созуға шешім қабылдауы тиіс. Ал келесі маусымда командалар қатарына қосылуға мүмкіндік алған футболшыларға оны өз уақытында қолдануға болады.

FIFA жалақының қысқару жағдайына байланысты әрбір клубтың өзі шешім қабылдайтыны жөнінде пікірін білдірді. Бірақ, даулы істерде тәуелсіз сарапшы әрекетін пайдалануға негіз бар.

FIFA сайтында жазғы трансферлік кезең уақыты ағымдағы және келесі маусымның басталу күндерін ескере отырып түзетіледі деп көрсетілген.

Бұған дейін UEFA президенті еурокубок ойындары 3 тамызға дейін аяқталуы тиіс екенін мәлімдеді немесе ойындар нәтижесінен бас тарту жағдайы көзделген. Ұйым Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасы қатысушыларына қаржылық файр-плей әрекетін тоқтатқан болатын.

Бұдан бұрын UEFA «Ордабасы» клубына байланысты шешім қабылдады.



Жоғары қарай