Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 3 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Федерация кубогы: Қазақстан құрамасы Ұлыбританиядан жеңіліп қалды

2019 жылдың 21 сәуір 2019 22:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Федерация кубогы ІІ Әлемдік тобының плей-офф кезеңінде Лондондағы Ұлыбритания мен Қазақстан матчында Зарина Дияс пен Кэйти Бултер кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дүниежүзілік рейтингте қазақстандық теннисші 107-орында болса, 22 жасар қарсыласы 86-сатыда еді. Дегенмен 25 жасар Заринаның тәжірибесі молдау-ды.

Бірінші партия барысында Бултер екі мәрте брейк жасап, алға шықты. Әйтсе де қазақстандық спортшы таразы басын теңестіре алды. Сосын сет тай-брейкке ұласты. Мұнда Зарина қарсыласын бет қаратқан жоқ - 7:1.

Екінші сетте Зарина доп бергенде, қарсыласы қос бірдей брейк-пойнтты пайдалана алмады. Есесіне қазақстандық теннисші сондай мүмкіндігін мүлт жібермеді - 2:1. Алайда Бултер есепті қайта теңестірді - 2:2. Ол 5:4 болғанда, брейк жасап кетті - 6:4.

Үшінші, шешуші партияда ұлыбританиялық теннисші 6:1 есебімен жеңіске жетті.

Тартысты бәсеке 2 сағаттан астам уақытқа созылды.

Осылайша бұл матчта Ұлыбритания 3:1 есебімен ұтып, топтық бәсекеге жолдама алды. Енді жұптық кездесу ештеңені шешпейді.

Еске сала кетейік, бұдан бұрын Зарина Диястың ел намысын қорғауды бақыт санайтынын және Ұлыбритания - Қазақстан матчын бастайтынын және корт иелерінің алға шыққанын, содан кейін Ю.Путинцеваның таразы басын теңестіргенін жазған болатынбыз.

Алайда бүгін ұлыбританиялықтар қайта алға шықты.

Автор Елжан Ералы
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай