Ауа райы
Астана 18 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 412.55
EUR 454.18
RUB 5.81
CNY 57.66

Facebook жалған аккаунттармен күрестің жаңа әдістерін әзірлеуде - Марк Цукерберг

2020 жылдың 16 ақпан 2020 00:01

МЮНХЕН. ҚазАқпарат – Әлеуметтік желілер арқылы сайлау үрдісіне ықпал ету әрекеттері шетелден емес, дауыс беріліп жатқан елдің ішінде көбірек орын алады. Бұл туралы Мюнхен қауіпсіздік конференциясында Facebook корпорациясының басшысы Марк Цукерберг мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде шетелдік әрекеттерге қарағанда, ел ішіндегі осы тектес әрекеттер көбірек кездесетінін атап өткен жөн», - деді М. Цукерберг.

Сонымен қатар, ол соңғы жылдары сайлауға ықпал ету әрекеттері қиынға түсетенін,осы орайда Facebook ауқымды қорғаныс шараларын қабылдап жатқанын атап өтті.

«Біз алдын алу шараларына мән беруге мәжбүрміз. Атап айтқанда, осы бағытта тиісті шараларды қабылдаудың жаңа тәсілдерін дайындаудамыз», - деді ол.

Бұл тұрғыда жасанды интеллект жүйесі әзірленуде, олар жалған аккаунттарды тиімді анықтай алады.

«Соңғы уақытта біз осындай бірқатар аккаунттарды бұғаттадық. Осындай аккаунттарды анықтауға қауқарлы күрделі жүейелеріміз бар», - деді Марк Цукерберг.

Сөз соңында ол көптеген жасанды парақшаларды бұғаттау жүргізілетінін және олар көп жағдайда парақша ашылғаннан кейін 1 минуттан кейін жабылатынын атап өтті.


Жоғары қарай