Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

«Эйр Астана» Үндістанға ұшатын рейстерді тоқтатуға мәжбүр

2019 жылдың 6 сәуір 2019 17:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Эйр Астана» әуе компаниясы Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге рейстерді уақытша тоқтатады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетіне сілтеме жасап.

«Пәкістан мен Үндістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясы 11 және 30 сәуір аралығында Нұр-Сұлтан мен Алматыдан Делиге ұшатын рейстерді уақытша тоқтатуға мәжбүр. ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті мен әуетасымалдаушы жағдайды мұқият бақылауда және әуе кеңістігі ашылғанда компания тұрақты рейстерді жалғастырады», - делінген ресми хабарламада.

2019 жылдың 11-30 сәуір аралығында Қазақстанға оралатын жолаушыларға компания билеттері интерлайн-серіктестер рейстеріне қайта брондалады. Немесе билеттерді сатып алған орында немесе компанияның брондау және ақпарат орталығы (сall.centre@airastana.com) немесе +7 (727) 2444477,+7 (717) 2584477 телефондары арқылы қайтара алады.

Еске сала кетсек, осыдан 2 ай бұрын Пәкістан Республикасы әуе кеңістігінің бүкіл халықаралық әуе бағыттарына жабықтығына байланысты «Эйр Астана» әуе компаниясының Дели - Алматы бағытындағы 27 ақпанға жоспарланған рейсі кейінге қалдырылған болатын. ҚР СІМ Үндістан мен Пәкістан арасындағы әскери-саяси жағдайдың шиеленісуіне байланысты мәлімдеме жасады.

Айта кетейік, Азаматтық авиация комитеті «Эйр Астана» әуе компаниясымен бірге Үндістанға әуе қатынасын тоқтатпас үшін барлық шараларды қарастырған болатын.

Жоғары қарай