Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

«Эйр Астана» акциялары АХҚО биржасында мамыр айында сатыла бастайды

2019 жылдың 15 наурыз 2019 14:33 691

 АСТАНА. КАЗИНФОРМ - ҚР Қаржы министрлігі үш ірі компания - «Air Astana», «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы мен «Қазақтелекомға» қатысты IPO мерзімін айқындады. Бұл туралы Астана халықаралық биржасының (AIX) басқарма төрағасы Тим Беннетт мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының қаржы министрлігі бір ай бұрын «Қазақтелеком» IPO-ға осы жылдың мамырында, ал «Air Astana» қазан немесе қарашада, «ҚазМұнайГаз» - 2020 жылдың екінші тоқсанында шығатынын айқындады», - деді Тим Беннетт Астанада өткен баспасөз мәслихатында.


null 

Оның айтуына қарағанда, қазіргі таңда дайындық жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен бірге, AIX басшысы биржаға акцияларды шығармас бұрын нарық шарттары мен инвестиция бойынша қызығушылықты есепке алу керектігін айтты.

«Нарық пен капиталда соңғы алты айда ауытқу көп болды. Сол себепті бұл IPO биыл өткенін қалап отырмыз. Алайда, аталмыш компаниялардың мүддесіне қарай листинг биыл жүргізілмеуі де мүмкін», - дейді ол.


null 

Еске сала кетсек, былтыр қараша айында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың  қатысуымен «Астана» халықаралық қаржы орталығы биржасының алғашқы сауда-саттығы іске қосылған болатын.

 

 

 

Жоғары қарай