Ауа райы
Астана -6 °С
Алматы -9 °С
валюта бағамы
USD 375.91
EUR 416.85
RUB 6.10
CNY 54.77

Exit poll нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жария етілуі тиіс - ОСК

2019 жылдың 9 маусым 2019 07:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Exit poll нәтижесі дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жария етілуі тиіс. Бұл туралы бүгін ҚР Орталық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Константин Петров айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Орталық сайлау комиссиясына екі ұйымнан - "Қоғамдық пікір" институты мен "Жастар" ғылыми-зерттеу орталығына дауыс беру күнінде Exit poll жүргізу бойынша хабарлама келіп түсті. Бұл ұйымдар заңнама талаптарына сай келеді. Естеріңізге сала кетсем, "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңның 28-бабы 9-тармағына сәйкес кандидатты қолдап дауыс беруге қатысты қоғамдық пікірге сұрау салу нәтижесін, болжамдары мен өзге де зерттеулер дауыс беру күнінде жариялауға рұқсат етілмейді. Яғни, нәтижелері дауыс беру аяқталғаннан кейін ғана жариялануы тиіс", - деді Константин Петров.

Жоғары қарай