Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 379.59
EUR 429.43
RUB 5.91
CNY 56.58

Еуропарламент депутаты «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып берді

2019 жылдың 1 наурыз 2019 13:04 1744

АСТАНА. ҚазАқпарат - «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы елден бөлек, шет елде де қолдауға ие болып келе жатыр. Бұл жолы Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқып, ұлттық жобаға үн қосты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл жолы Латвия мемлекетінің азаматы, Латвиядағы Еуропарламент депутаты Андрей Мамыкин «Алпамыс батыр» жырынан үзінді оқыды. Ол эстафетаны белгілі қазақстандық журналист Жанат Эрнсттен алып, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенкоға жолдады», - делінген «Тұлпар мініп, ту алған» ұлттық жобасының Фейсбуктегі парақшасында.

Еске сала кетсек, «Тұлпар мініп, ту алған» жобасы былтыр басталып, ұлттық жобаға халықпен бірге бірқатар министрлер мен облыс әкімдері, депуттаттар үн қосқан болатын.

Жалпы, елімізде батырлар жырына деген бетбұрыс байқалып келеді. Қазақстанда мектеп оқушылары арасындағы «Тұлпар мініп, ту алған!» байқауына 50 мың оқушыны қатыстыру көзделіп отырғанын бұған дейін Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.

«Бұл ауқымды әрі ағартушы жоба. Ол жобаға біз еліміздің барлық өңірлерінен 50 мыңнан астам оқушыны тартуды жоспарлап отырмыз. Оның мағынасы - оқушылар қазақтың «Қобыланды батыр» эпосын жаттап қана қоймай, оны талқылап, қазақтың ертедегі сөздеріне түсінік бере алуы керек. Бұл байқауды Жастар жылына арнап отырмыз. Қоғамның кең назарына ие болар деген сеніміміз бар. Жобаның финалдық кезеңі - «Хабар» телеарнасында телекүнделік және гала-концерт форматында өтеді», - деген еді министр.

Жоғары қарай