Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы -3 °С
валюта бағамы
USD 384.97
EUR 427.12
RUB 6.04
CNY 54.75

Еуропа лигасы: «Астана» тең түсіп, «Ордабасы» жеңіліп жатыр

2019 жылдың 1 тамыз 2019 21:00

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір елордалық «Астана» және шымкенттік «Ордабасы» командалары футболдан UEFA Еуропа лигасы екінші іріктеу кезеңіндегі қарымта кездесуде өз қарсыластарымен ойнап жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана» өз алаңында Андорраның «Санта-Колома» командасымен кездесіп жатыр. Естеріңізге сала кетелік, Андоррада өткен алғашқы кездесуде 0:0 есебі тіркелді. Сондықтан бүгінгі кездесуде «Астана» жеңіске жетуі тиіс.

Бүгін «Астана» құрамында Ненад Эрич, Антонио Рукавина, Марин Аничич, Дорин Ротариу, Рунар Сигурьонссон, Иван Маевский, Фирмин Мубеле, Юрий Логвиненко, Рангело Янга, Евгений Постников, Дмитрий Шомко шықты.

Бүгінгі кездесуде андорралық футболшылар есеп ашты. Ойынның 7-минутында Энрик Пи гол соқты. Мұндай голды күтпеген «Астана» алға қарай ұмтылды. Дегенмен, андорралық футболшылар оған лайықты қарсылық көрсете білді.

Кездесудің 24-минутында «Санта-Колома» ойыншылары өз алаңында тәртіп бұзды. Төреші белгілеген пенальтиді Рунар Сигурьонссон мүлтіксіз орындады. Осылайша әзірге таблода 1:1 есебі жанып тұр.

«Астана» бүгін жеңіске жеткен жағдайда Еуропа лигасы үшінші іріктеу кезеңінде Мальтаның «Валлетта» командасымен кездеседі.

Дәл қазір Шымкентте жергілікті «Ордабасы» мен Чехияның «Млада-Болеслав» командалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды.

«Ордабасы» сапында Дмитрий Непогодов, Тимур Досмағамбетов, Пабло Фонтанелло, Сергей Малый, Темірлан Ерланов, Марат Быстров, Абдулай Диакате, Май Махлангу, Мирзад Механович, Зиги Бадибанга және Алексей Щеткин шықты.

Әзірге чех футболшылары 2:1 есебімен жеңіп жатыр. Ойынның 8-минутында Марек Матейоски есеп ашса, 41-минутта Николай Комличенко пенальтиден есепті үстемелей түсті. Ал 45-минутта шымкенттік шабуылшы Алексей Щеткин қақпаны дәл көздеді.

Естеріңізге сала кетелік, алғашқы кездесуде екі команда 1:1 есебімен тең түскен болатын. Сондықтан «Ордабасы» бүгін қалайда жеңіске жетуі тиіс. Үшінші іріктеу кезеңіне шыққан жағдайда «Ордабасы» Арменияның «Алашкерт» және Румынияның «Стяуа» жұбының қай жеңгенімен кездеседі.

Сондай-ақ, Алматыда «Қайрат» Чехияның «Хапоэль» (Безр-Шева) командасымен ойнап жатыр. Әзірге есеп ашылған жоқ.



Перевод Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай