Ауа райы
Нұр-Сұлтан 13 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 378.93
EUR 423.00
RUB 5.87
CNY 54.82

Еуроодақ Нұрсұлтан Назарбаевтың шешіміне пікір білдірді

2019 жылдың 20 наурыз 2019 00:37 1778

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат - Еуропалық одақ сыртқы саясат қызметінің ресми өкілі Майя Косьянчич Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Президенті өкілеттігін тоқтату шешіне орай пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпараттың меншікті тілшісі.

«Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың отставкасы жайында білдік. Ол Қазақстанның Президенті болған 30 жылға жуық уақыттың ішінде конституциялық реформаларды қоса алғанда жаңғыру реформаларын ілгерілетті. Президент Назарбаев бейбітшілік, тұрақтылық пен қауіпсіздікке жәрдемдесуге айрықша мән бере отырып, өңірлік, сонымен қатар жаһандық деңгейдегі ынтымақтастықты дамытуды маңызды рөлге ие болды», - деді  М.Косьянчич.

Сонымен қатар ол  Қазақстан Еуропалық одақ үшін маңызды өңір болып қала беретіндігін баса айтты.

«Еуропалық одақ үшін  өңірдегі маңызды серіктес болып қала беретін Қазақстан Орталық Азия елдерінің ішінде ЕО-мен кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісімге ең бірінші қол қойған еді. Еуропалық одақ Қазақстанның ең бірінші сауда серіктесі әрі инвесторы болып саналады», - деді ол.

 

 

Жоғары қарай