Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 5 °С
валюта бағамы
USD 378.60
EUR 417.75
RUB 6.13
CNY 54.58

Еуроодақ Brexit мерзімін 2020 жылғы 31 қаңтарға шегеруге келісті

2019 жылдың 28 қазан 2019 20:28

БРЮССЕЛЬ. ҚазАқпарат – Еуропа одағы Ұлыбританияның одақ құрамынан шығуын 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шегеруге келісім берді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА-ның меншікті тілшісі.

«ЕО-ға мүше 27 ел Ұлыбританияның Brexit-ті 2020 жылдың 31 қаңтарына дейін шегеру жайындағы сауалын қабылдауға келісім берді. Осы шешім жуық арада жазбаша түрде ресми бекітіледі», - деп мәлімдеді Еуропа кеңесінің президенті Дональд Туск Twitter-де.

Осы келісім бойынша, оны парламент мақұлдаса, Ұлыбритания Еуроодақтан 31 қаңтардан бұрын да шығуына болады.

Айта кетейік, Ұлыбритания Еуропа одағынан 31 қазан күні шығуы тиіс еді. Бірақ тараптар бұған дейін мақұлданған келісімді ратификациялап үлгермей жатыр.

Авторы Тимур Дүйсекеев

Басты сөздер: Еуропа,
Жоғары қарай