Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Еуро-2020: Ресей-Қазақстан матчына билеттер сатыла бастады

2019 жылдың 9 тамыз 2019 09:10 151

КАЛИНИНГРАД. ҚазАқпарат - Еуропа чемпионаты-2020 іріктеу турнирі аясында Ресей мен Қазақстан құрамаларының матчына билеттер сатылымға шықты. Бұл туралы РФ футбол одағының ресми сайтында мәлім етілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ресей мен Қазақстан арасындағы ойын 9 қыркүйек күні мәскеу уақытымен 21:45-те, ал Нұр-Сұлтан қаласының уақытымен қыркүйектің 9-ынан 10-ына қараған түні сағат 00:45-те өтеді. Өтетін орны Калининград қаласының «Калининград» стадионы.

Билеттерді ресми оператор - KASSIR.RU сайтынан сатып алуға болады. Мәлім етілгендей, бір адамға 4 билет қана беріледі.

Айта кетейік, қазіргі уақытта Қазақстан I топта үшінші орында тұр, Михал Билек командасының қоржынында алты ұпай бар. Топ көшбасшысы – Бельгия құрамасы (12 ұпай).

Перевод Мира Төлендіқызы
Басты сөздер: Ресей, Спорт,
Жоғары қарай