Ауа райы
Астана 10 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Еуро-2020: Қазақстанның Сан-Мариноға қарсы құрамы жарияланды

2019 жылдың 11 маусым 2019 19:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі төртінші тур ойынында Қазақстан құрамасының Сан-Мариноға қарсы шығатын құрамы белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстан құрамасының бас бапкері Михал Билек өткен Бельгиямен кездесудегі негізгі құрамға бірқатар өзгерістер жасаған. Бүгін Ғафуржан Сүйімбаев, Дмитрий Шомко, Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов және Бауыржан Тұрысбек ойынға алғашқы минуттан қосылатын болады. Өткен ойында Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген және Абат Айымбетов екінші кезеңде ойыншыларды алмастырған болатын.

Михал Билек бүгін Дмитрий Непогодов, Ғафуржан Сүйімбаев, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Ян Вороговский, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов, Бауыржан Тұрысбек секілді ойыншыларға алғашқы минуттан сенім артып отыр.

Ал қосалқы құрамда Стас Покатилов, Игорь Шацкий, Александр Марочкин, Тимур Досмағамбетов, Абзал Бейсебеков, Олжас Керімжанов, Елдос Ахметов, Георгий Жуков, Максим Федин, Юрий Перцух және Тоқтар Жанғылышбай секілді футболшылар бар.

Ал Сан-Марино құрамасының бас бапкері Франко Варрелла алғашқы минуттан Элиа Бенедеттини, Давиде Чезарини, Фабио Витайоли, Кристиан Бролли, Андреа Грандони, Лоренцо Лунадеи, Лука Ченсони, Марчелло Муларони, Мануэль Баттистини, Никола Нанни, Маттео Витайоли сынды шәкірттеріне үміт артады. Аталмыш құраманың қосалқы құрамында Маттео Дзаволи, Симоне Бенедеттини, Мирко Палацци, Николо Анджелини, Мануэль Баттистини, Микеле Чеволи, Данило Ринальди, Алессандро Голинуччи, Марко Бернарди, Лука Този, Энрико Голинуччи, Фабио Томассини сынды футболшылар бар.

Сан-Марино футбол федерациясы 1931 жылы құрылған. Дегенмен, FIFA және UEFA құрамына 1988 жылы қабылданды. Олар - әлемдегі ең әлсіз құраманың бірі. FIFA-ның соңғы рейтингінде 211 құраманың арасында ең соңғы орында тұр. Осының өзі олардың әлеуеті қандай екенін айқындай түседі.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары бұған дейін бірде-бір мәрте кездесіп көрген жоқ. Сондықтан, бүгінгі ойын екі құрама арасындағы тарихи матч ретінде тіркеледі.

Өткен турда Сан-Марино сырт алаңда Ресейден 0:9 есебімен жеңілсе, Қазақстан Бельгияға 0:3 есебімен жол берді.

Аталмыш кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 20.0-де басталады. Ойын QazSport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Спорт,
Жоғары қарай