Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Еуро-2020: Қазақстан бірінші кезеңде Сан-Мариноны ірі есеппен жеңді

2019 жылдың 16 қараша 2019 23:58

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан 2020 жылғы Еуропа чемпионаты іріктеу сатысындағы төртінші тур ойынында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Сан-Мариномен кездесті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Естеріңізге сала кетелік, екі құрама биылғы 11 маусымда елордада бір мәрте кездесіп үлгерді.

Бұл кездесуде қазақстандық футболшылар қарсыласын 4:0 есебімен тізе бүктірген болатын.

Екі құрама I тобында сынға түседі. Бүгінгі кездесудің бірінші кезеңінде қазақстандық футболшылар сенімді ойын көрсетті. Ойынның 6-минутында Қазақстан футболшылары қатарынан Бактияр Зайнутдинов есеп ашты. Одан кейін 22-минутта Ғафуржан Сүйімбаев есепті ұлғайта түсті. Ал 26-минутта Алексей Щеткин мергендік танытты. Нәтижесінде қазақстандық футболшылар бірінші кезеңде 3:0 есебімен басым түсті.

Дәл қазір Санкт-Петербург қаласында Ресей құрамасы Бельгиядан 0:3 есебімен жеңілуде. Сондай-ақ, бүгін Шотландия сырт алаңда Кипрді 2:1 есебімен тізе бүктірді.

Соңғы тур ойындары 19 қараша күні өтеді. Бұл күні Бельгия мен Кипр, Сан-Марино мен Ресей, Шотландия мен Қазақстан құрамалары кездеседі.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт, Қоғам,
Жоғары қарай