Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 6 °С
валюта бағамы
USD 389.59
EUR 429.06
RUB 6.05
CNY 55.07

Еуро-2020: Бірінші кезеңнен кейін Қазақстан Сан-Мариноны жеңіп жатыр

2019 жылдың 11 маусым 2019 20:55

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Дәл қазір Нұр-Сұлтан қаласындағы «Астана-арена» стадионында футболдан 2020 жылғы Еуропа біріншілігі іріктеу кезеңіндегі төртінші тур ойынында Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары арасындағы кездесудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Михал Билек бүгін Дмитрий Непогодов, Ғафуржан Сүйімбаев, Темірлан Ерланов, Сергей Малый, Дмитрий Шомко, Ян Вороговский, Исламбек Қуат, Бауыржан Исламхан, Асхат Тағыберген, Абат Айымбетов, Бауыржан Тұрысбек секілді ойыншыларға алғашқы минуттан сенім білдірді.

Ал Сан-Марино құрамасының бас бапкері Франко Варрелла алғашқы минуттан Элиа Бенедеттини, Давиде Чезарини, Фабио Витайоли, Кристиан Бролли, Андреа Грандони, Лоренцо Лунадеи, Лука Ченсони, Марчелло Муларони, Мануэль Баттистини, Никола Нанни, Маттео Витайоли сынды шәкірттеріне үміт артты.

Бірінші кезеңде Қазақстан құрамасы басым ойнады. Дегенмен көп жағдайда оларға сәттілік жетіспей жатты. Сан-Марино фтболшылары тегеурінді қарсылық көрсетті. Алғашқы гол 45-минутта соғылды. Оны біздің құраманың жартылай қорғаушысы Исламбек Қуат соқты. Осылайша біздің жігіттер бірінші кезеңнен кейін аталмыш қарсыласынан 1:0 есебімен басым түсті.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары бұған дейін бірде-бір мәрте кездесіп көрген жоқ.

Сондықтан, бүгінгі ойын екі құрама арасындағы тарихи матч ретінде тіркеледі.

Өткен турда Сан-Марино сырт алаңда Ресейден 0:9 есебімен жеңілсе, Қазақстан Бельгияға 0:3 есебімен жол берді.

Қазақстан мен Сан-Марино құрамалары бұған дейін бірде-бір мәрте кездесіп көрген жоқ.

Сондықтан, бүгінгі ойын екі құрама арасындағы тарихи матч ретінде тіркеледі.

Өткен турда Сан-Марино сырт алаңда Ресейден 0:9 есебімен жеңілсе, Қазақстан Бельгияға 0:3 есебімен жол берді.

Автор Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Қоғам, Спорт,
Жоғары қарай