Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Есірткіні медицинадан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізу қажет - ҚР ІІМ

2019 жылдың 5 сәуір 2019 23:14 827

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін жауапкершілік енгізу қажет. Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Рашид Жақыпов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ішкі істер министрлігі әу бастан-ақ есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдалануға жауапкершілік енгізу қажеттігін айтып келеді. Біздің заңнамада тек «қоғамдық орында» деп жазылған. Демек, мынадай кереғарлық бар, үйде наша шеге аласың, егер сені қандай да бір есірткі көлемімен ұстап алса, онда оны сақтағаның үшін жауапқа тарта алады. Бұған қоса, көшеде, қандай да бір басқа орында есірткіні тұтынуға болмайды. Есірткімен, есірткі қылмысымен және есірткі тұтынумен күрес - бұл мемлекеттің басты мақсаты. Есірткіні тұтынуға және есірткіге елітуге болмайды деп санаймыз. Сондықтан тұтыну орнына қармастан есірткіні медициналық мақсаттан тыс пайдаланғаны үшін әкімшілік жауапкершілік енгізу қажет деп есептейміз», - деді ол бүгін ҚР Әділет министрлігінде өткен Заң жобалау қызметі мәселелері жөніндегі ведомстволық комиссия отырысынан кейін БАҚ өкілдеріне арналған брифингте.

Сонымен қатар ол Ішкі істер министрлігі тым аз мөлшерде есірткіні сақтау және тұтыну әрекетін қылмыстық теріс қылықтан әкімшілік құқық бұзушылыққа өзгертуді ұсынып отырғандығын айтты.

Айта кетейік, отырыста мәжілісмен Магеррам Магеррамов комиссия мүшелеріне Мәжіліс депутаттары бастамашылық жасаған «ҚР Қылмыстық кодексіне және кейбір заңнамалық актілерге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Оның айтуынша, ұсынылып отырған түзетулер санкцияларды жеңілдетуді, еркін айналымнан алынған заттар тізбесін кеңейтуді, кейбір  әрекетті қылмыстық теріс қылықтан алып тастап, әкімшілік құқықбұзушылық санатына жатқызуды көздейді.

 

 

Автор: Марлан Жиембай
Басты сөздер: Парламент, ҚР ІІМ, Заң,
Жоғары қарай