Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы -4 °С
валюта бағамы
USD 376.51
EUR 418.91
RUB 6.13
CNY 54.90

Есірткімен айналысқан Ақмола облысының 4 тұрғыны ұсталды- ҰҚК

2019 жылдың 5 желтоқсан 2019 17:08

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті «PVP» синтетикалық есірткі тарататын ұйымдасқан топты ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ақмола облысының аумағында әлеуметтік желілер мен Интернет-ресурстар арқылы синтетикалық есірткі өткізуге қатысы бар Ақмола облысының төрт тұрғыны ұсталды.Ұсталғандардың тұрғылықты жерлері бойынша 300 г астам «PVP» (пиролидиновалерофенон) синтетикалық есірткісі, алынған заттардың қалдықтары бар ыдыстар, оларды орауға арналған полиэтилен пакеттері, есірткі тұтынуға арналған құрылғылар және электронды таразы алынды», - делінген хабарламада.

ҚР ҰҚК Ақмола облысы бойынша департаменті осы фактіні ҚР ҚК 297-бабы 3-б. бойынша СТБТ-ға тіркеді. Ұсталған адамдар қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Жоғары қарай