Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 386.80
EUR 429.27
RUB 5.78
CNY 54.89

Еш жеңілмеген Айдос Ербосынұлы үш титулын сәтті қорғады

2019 жылдың 14 тамыз 2019 17:46 145

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аустралияның Сидней қаласындағы ICC Exhibition Centre аренасында өтіп жатқан бокс кешінде қазақстандық талантты боксшы Айдос Ербосынұлы кезекті рет рингке шықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат Sports.kz-ке сілтеме жасап.

27 жастағы Айдос жергілікті Рокки Йеркичпен айқасты. Екінші орта салмақта он раунд өткен жекпе-жекте төрешілер 99-91, 98-92, 98-92 есебімен жеңісті Айдосқа берді. Сөйтіп, қазақстандық кәсіпқой WBO Global, WBA Inter-National және WBC Asia Continental титулдарын қорғап қалды.

Айдос осымен 12-рет жеңіске жетті (соның сегізі - нокаут). Ал 17 жеңісі (13 нокауты) бар 31 жастағы Йеркич екінші рет жеңілді.

Осы бокс кешінде тағы бір қазақстандық боксшы өнер көрсетті. Жартылай орта салмақта Нұрсұлтан Жаңабаев (8-0, 5 КО) та төрешілердің шешімімен аустралиялық Стива Гагоны (11-1, 4 КО) жеңіп, WBA Inter-Continental, WBO Oriental және IBF Pan Pacific титулдарын қорғады.

Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай