Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ержан Максимнің дауысы мені тәнті етті- Фируза Шәріпова

2019 жылдың 19 мамыр 2019 13:05 792

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Кәсіпқой бокстан әлем чемпионы Фируза Шәріпова «Голос. Дети» байқауында екінші орын алған отандасы Ержан Максимге қолдау білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Менің ойымша, байқаудағы әділетсіз жай Ержанның пайдасына жараған секілді. Егер ол бірінші орын иеленген болса, оны тек «Голос Дети» байқауының айналасындағылар ғана білетін еді. Ал енді ол посткеңестік елдердің жұлдызына айналды. Тіпті ол музыкалық жобаны бір көрмегендердің өзі Ержан туралы жылы лебіздерні білдіріп жатыр. Ержан бірінші орын болатынына сенімдімін. Оның дауысы мені тәнті етті - енді мен Ержанның жанкүйерімін», - деп жазды боксшы өзінің Instagram парақшасында.

Еске сала кетсек, Ресейдің Бірінші арнасы «Голос. Дети» байқауының алтыншы маусым нәтижесін қайта қарап, жоққа шығарған болатын. Ал Валерий Меладзе «Голос. Дети» байқауында Ержан Максимнің жетекшісі болған еді.

Ал аталмыш байқауда екінші орын алған әншімен кеше Нұр-Сұлтанда концерт өткізген ресейлік əнші əрі продюсер Валерий Меладзе кездесіп, елордада өтетін жеке концертіне келуге уəде берді.

 

 

 

Перевод: Аян Бекенұлы
Басты сөздер: Спорт, Мәдениет,
Жоғары қарай