Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 22 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Ержан Максим өнер көрсеткен «Голос. Дети» шоуына қатысты дау туындады

2019 жылдың 27 сәуір 2019 18:08 3194

ОРАЛ. ҚазАқпарат  - Қазақстандық әнші Ержан Максим қатысқан «Голос. Дети» конкурсының қорытындысына байланысты дау туындады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. 

РБК мәліметіне қарағанда, Ресейдің бірінші арнасы әнші Алсу мен банкир Ян Абрамовтың он жасар қызы Микелла Абрамова жеңімпаз деп танылған финалдағы дауыс беру қорытындысына байланысты тексеру жүргізбекші.

«Бір қатысушының пайдасына аномальды дауыс беру белгілері бар, сол мәселе анықталатын болады», деген телекомпания өкілі.

К.Абрамованы телекөрермендердің 56,5 проценті қолдаған.

Дауыс беру қорытындысы шыққаннан кейін түрлі елдердің көптеген көрермендері наразылық білдіріп, қайта есептеуді талап етті.

Атақты шоумен Максим Галкин де Инстаграмдағы парақшасына видео жүктеп, өз пікірін білдірді.

«Біз кеше отбасымызбен Ержан Максимге дауыс бердік. Жалпы, финалға қатысушылардың деңгейі жоғары болды. Ержаннан басқа Нино Чеснер, Анастасия Сисаури, Валерий Кузаков, Миша Григорян тамаша орындады. Микелла Абрамова да жақсы, бірақ финалға қатысушылардың бәрінен артта қалды. Абрамованың атақты ата-анасы мен олардың жұлдызды достары бәрін жасады. Басқа әншілердің ата-аналарында ондай мүмкіндік жоқ. Менің ойымша, жеңімпаз жалғыз, ол - Ержан Максим», - деді М.Галкин.



Еске сала кетейік, бұдан бұрын оралдық Ержан Максимнің «Голос. Дети» байқауының суперфиналында өнер көрсеткенін жазған болатынбыз. Дауыс беру қорытындысы бойынша Ержан К.Абрамовадан кейін екінші орын алды.

 

 

Автор: Елжан Ералы
Басты сөздер: Өнер, Ресей, Мәдениет,
Жоғары қарай