Ауа райы
Астана 19 °С
Алматы 30 °С
валюта бағамы
USD 386.05
EUR 428.25
RUB 5.84
CNY 54.65

Ержан Максим «Айбын» әскери-патриоттық жиынына келді

2019 жылдың 20 маусым 2019 23:19 859

СПАССК. ҚазАқпарат - Қарағанды облысындағы «Спасск» оқу орталығының полигонында бесінші республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиыны жалғасуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бүгінге дейін сайыстың төрт кезеңі өтіп қойған. Атап айтқанда, АК-74 автоматын шашу және жинау, жалпыәскери қорғаныс комплектін кию нормативін орындап, елді мекеннің уланған учаскесінен жүріп өту, кедергілер жолағын басып өту, сондай-ақ радиостанциямен жұмыс бойынша сайыстар аяқталды.

Жиын барысында дәстүрлі түрде жастар турниктен күштік жаттығуларды орындап, қуаты мен жігерінің мықты екенін дәлелдейді. Ал қыздар кешенді күштік жаттығуларды орындайды.



Сонымен қатар,  жиынға қатысушылар Қорғаныс министрлігінің басшыларымен, Қарағанды облысы әкімдігінің өкілдерімен, сонымен бірге «Голос. Дети» байқауының қатысушысы Ержан Максиммен, шахматтан әлемнің бес дүркін чемпионы Бибісара Асаубаевамен кеңесті.

Ертең әскери-далалық тактикалық ойындары өтеді. Кешке бесінші республикалық әскери-патриоттық «Айбын» жастар жиынының алғашқы қорытындысы жарияланады.



Еске сала кетсек, кеше ҚР Президенті - Қарулы күштердің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қарағанды облысында өтіп жатқан «Айбын» республикалық әскери-патриоттық жастар жиынына қатысып, сөз сөйлеген болатын.

 

 

 

Жоғары қарай