Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 378.38
EUR 431.05
RUB 6.02
CNY 55.00

Ержан Бабақұмаров жаңа қызметке тағайындалды

2019 жылдың 5 сәуір 2019 20:30 742

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Ержан Бабақұмаров ҚР Президентінің Өкімімен жаңа қызметке тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Ақордаға сілтеме жасап.

«ҚР Президентінің Өкімімен Ержан Жалбақұлы Бабақұмаров Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол бұрынғы атқарған қызметінен босатылды», делінген хабарламада.

Ержан Бабақұмаров 1969 жылы 2 наурызда Талдықорған облысы (Алматы облысы) Қарабұлақ кентінде туған. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. Қазақстан даму институтының бөлім меңгерушісі, Саяси зерттеулер орталығының директоры, Алматы қаласы әкімдігі аппаратының бас маманы қызметтерін атқарған.
1996-2006 жылдары - Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің аға референті, консультанты, сектор меңгерушісі, бөлім меңгерушісінің орынбасары, Әлеуметтік саяси бөлімінің бас инспекторы, Ақпараттық-талдама орталығының меңгерушісі, ҚР Президенті Әкімшілігі Ақпараттық талдау бөлімінің меңгерушісі.
2006-2008 жылдары Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және спорт вице-министрі, Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің жауапты хатшысы болған.
2008-2012 жылдары - ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесі басшысының орынбасары, 2012 жылғы қазаннан 2016 жылға дейін Орталық коммуникациялар қызметінің басшысы болды; ҚР Премьер-Министрі кеңсесі басшысының орынбасары (2016-2018).
2018 жылдың желтоқсан айында Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Талдау және болжамдау орталығының меңгерушісі болып тағайындалды.
Қазақстанда, Ресейде, Үндістанда, Украинада басылған 50-ден астам ғылыми жарияланымның авторы. Саясаттану ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы Саясаттану ғылымдары академиясының академигі, Қазақстан саяси ғылымдар қауымдастығының мүшесі. «Құрмет» орденімен, медальдармен марапатталған.

Жоғары қарай