Ауа райы
Астана 23 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 363.22
EUR 413.42
RUB 5.35
CNY 52.78

«Ертіс» өз алаңында «Ордабасыдан» жеңілді

2018 жылдың 15 шілде 2018 21:23 572

АСТАНА. ҚазАқпарат. Бүгін футболдан ел біріншілігінде 18-тур мәресіне жетті. Бұл турда Алматының «Қайраты» Талдықорғанның «Жетісуын», Павлодардың «Ертісі» Шымкенттің «Ордабасы» клубтарын қабылдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Алматы қаласындағы кездесуде голдар екінші кезеңде соғылды. Алдымен «Жетісу» ойыншысы Дэвид Мавутор 66-минутта өз қақпасына гол соғып алса, араға екі минут салып Мартон Эппель есепті 2:0-ге жеткізді. Ал 90-минутта «Жетісу» есеп айырмасын қысқартуға мүмкіндік алды. Гол авторы  Елжас Алтынбеков. Осылайша «Қайрат» бірінші орында келе жатұан «Астанамен» ұпай айырмасын 6 ұпайға дейін қысқартты. Ескерте кетелік, «Қайрат» «Астанадан» екі ойын кем өткізген.

Павлодардағы кездесу жаңбырға байланысты белгіленген мерзімінен жарты сағатқа кеш басталды. Соңғы уақытта «Ертіс» бұрынғыдай ойын өрнегін көрсете алмай келеді. Соның салдарынан қазір турнир кестесінде 10-орында тұр. Бұл жолы да сондай сәтсіздік жалғасты. Алдымен қонақтар есп ашты. Кездесудің 43-минутында «Ордабасы» ойыншысы Еркебұлан Тұңғышбаев өз командасын алға шығарды. Ал 77-минутында «Ертіс» сапынан Карлос Фонсека таразы басын теңестірген еді. Дегенмен 89-минутында шымкенттің футболшы Темірлан Ерланов жеңіс добын соғып, «Ордабасыға» ауадай қажетті үш ұпайды сыйлады.

Бұл турдағы қалған төрт ойын кеше өткізілді. «Қайсар» «Тобылмен» 2:2 есебімен тең түссе, «Ақжайық» «Қызылжарды», «Астана» «Шахтерді» 2:0 есебімен тізе бүктірді. Ал «Ақтөбе» «Атырауды» 5:1 есебімен ойсырата жеңді.

Келесі тур ойындары 21 және 22 шілде күндері өткізіледі. 21 шілдеде «Шахтер» мен «Қайсар», «Жетісу» мен «Ақтөбе», «Атырау» мен «Ақжайық», 22 шілдеде «Тобыл» мен «Ертіс», «Ордабасы» мен «Қайрат» кездеседі. Ал «Астана» бұл тур ойынын 25 сәуірде «Қызылжармен» өткізіп, 2:0 есебімен басым түскен еді. 

 

 

Жоғары қарай