Ауа райы
Астана 27 °С
Алматы 25 °С
валюта бағамы
USD 386.82
EUR 428.67
RUB 5.86
CNY 54.95

Ертең Қызылорда облысында жел күшейеді

2019 жылдың 18 шілде 2019 15:33 208

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат – Қызылорда облысында ауа райына байланысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

«19 шілде таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с күтіледі», делінген синоптиктердің болжамында.

Еске сала кетсек, 19-22 шілде күндері күндіз Алматы облысының кей жерлерінде ауа температурасы 40-43градус аралығында болады.

Ал, ертең Қостанай облысының кей жерлері 37 градусқа дейін ысиды.

Жоғары қарай