Ауа райы
Астана -20 °С
Алматы -8 °С
валюта бағамы
USD 386.44
EUR 428.37
RUB 6.06
CNY 54.93

Ертең екі өңірде 41-42 градус ыстық болады

2019 жылдың 6 тамыз 2019 15:44

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сәрсенбіде аптап ыстық болады, күшті жел соғып, жауын немесе бұршақ жауады. Қазгидромет өңірлердегі ауа райына қатысты осындай екерту жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Синоптиктердің болжауынша, 7 тамызда таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік шығыстан, солтүстіктен жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с жетеді. Күндіз кей жерлерде шаңды дауыл соғады, оңтүстік аудандарда 41°С қатты ыстық сақталады.

7-8 тамызда кұндіз Алматы облысының кей жерлерінде 42 градус өте қатты ыстық болады.

Түнде және таңертең 7 тамызда Қостанай облысында кей жерлеріңде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан, батыстан жел соғады, күші кей жерлерінде 15-20 м/с күтіледі.

Қостанай қаласында 7 тамызда күндіз оңтүстік батыстан, батыстан жел соғады, екпіні 18 м/с жетеді.

7-8 тамызда Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде найзағай, дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде екпіні 15-20 м/с жетеді.

Петропавл қаласында 7-8 тамызда найзағай, күндіз дауыл, бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, күндіз екпіні 15-20 м/с жетуі ықтимал.

Басты сөздер: Аймақ, Қазгидромет, Ауа райы,
Жоғары қарай