Ауа райы
Астана 25 °С
Алматы 27 °С
валюта бағамы
USD 385.42
EUR 424.58
RUB 6.00
CNY 54.31

Ермек Маржықпаев 19 жастағы футболшының өлімін жеке бақылауына алды

2019 жылдың 20 тамыз 2019 20:08

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат –Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев көз жұмған 19 жастағы футболшы Роман Зюзиннің отбасына көңіл айтып, бұл істі жеке бақылауына алатынын айтты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Біріншіден, Романның ата-анасына қайғырып, көңіл айтамын. Екіншіден, бөлек комиссия қызметтік тергеу жүргізетін болады. Мәселені жеке бақылауыма аламын», - деп жазды Ермек Маржықпаев Instagram-да.

Еске сала кетейік, «Оқжетпес» командасының құрамында ойнаған 19 жастағы футболшы 14 тамыз күні Көкшетауда көз жұмды.

Дәрігерлер оның өлімінің себебін «ауруханаға кеш қаралу, сепсистік жағдаймен асқына түскен іріңді қабыну процесі» деп атады.

Кейін Роман Зюзиннің туған-туыстары әлеуметтік желі арқылы ем-домның дұрыс жүргізілмегендігіне қоғамның назарын аудартпақ болды.

Ақмола облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, футболшының ата-анасының әлеуметтік желідегі жазбасы бойынша «Медициналық немесе фармацевтикалық қызметкердің өз кәсіби міндетін дұрыс орындамауы» бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды.

Авторы: Оксана Матасова

Басты сөздер: Ақмола облысы, Оқиға, Аймақ,
Жоғары қарай