Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 29 °С
валюта бағамы
USD 399.51
EUR 447.33
RUB 5.78
CNY 56.10

Ерлан Тұрғымбаев су басу қаупі жоғары өңірлерді атады

2020 жылдың 25 ақпан 2020 09:29

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар жоспарымен бөлісті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің қазіргі болжамы бойынша елдегі қар қоры мен өзен бассейндеріндегі ылғал қорының көлемі нормадан айтарлықтай жоғары. Қар басу процесі жалғасуда. Нұр-Сұлтан қаласында, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында жағдайдың қиындау ықтималдығы жоғары. Қазір елімізде 609 елді мекенді және 675 автомобиль жолын және 259 темір жолды су басу қаупі бар», - деді Ерлан Тұрғымбаев Үкімет отырысында.

Министрдің айтуынша тасқынның алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 8,8 млн текше метрден аса қар шығарып, қажетті қиыршық материалдар мен құм салынған қаптарды, жарылғыш заттар қорын дайындап қойған.

«Төтенше мен шұғыл шығындарға резервтерде 34,2 млрд теңге көзделген. Ықтимал су басу жағдайына эвакуацияланатын халықты қабылдайтын 1 707 бекет әзірленіп, маршруттар жаңартылды, қажетті көлік бөлінді. Тұрмыс-тіршілікті қамтамасыз ету үшін әкімдіктер қажетті құралдарды (шатыр, төсек), азық-түлік пен ауыз су қорын дайындады. Су тасқыны болған жағдайда жедел ден қою мақсатында ішкі істер органдарынан жалпы саны 9 мың адам және 1 730 техникадан (оның ішінде 332 жүзу құралы, 18 тікұшақ) арнайы күштер мен құралдар топтамалары құрылды», - деді ол.

Ерлан Тұрғымбаев жекелеген өңірлерде су тасқыны шиеленіскен жағдайда азаматтық қорғау күштерінің құтқару бөлімшелері мен құралдарын қосымша жеткізу мәселелері пысықталып жатқанын хабарлады.


Жоғары қарай