Ауа райы
Астана -21 °С
Алматы -1 °С
валюта бағамы
USD 388.49
EUR 427.26
RUB 6.06
CNY 55.32

Ерлан Нысанбаев Марқакөлдегі заңсыздықтар туралы айтты

2019 жылдың 23 тамыз 2019 17:37

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Ерлан Нысанбаев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл қорығындағы заңсыздықтар туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Мемлекет басшысының белгі беруі бойынша прокуратура және өзге де мемлекеттік органдар бірлескен тексеру жүргізген болатын. Қазір оның нәтижесі қолымызда. Инспекторлар тарапынан бірнеше адам Марқакөл қорығында заңсыз балық аулады деп күдіктеліп отыр... Марқакөлде бұл бірінші рет тіркеліп отырған жайт. Әзірге ол туралы пікір айтқым келмейді. Онда не болып жатқанын жауапты мемлекеттік органдар анықта уда . Аталмыш су қоймасын қорғауға жергілікті атқарушы орган бекітілген. Сондықтан, тексерулердің қорытындысын күтейік», - деді вице - министр бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте .

Еске салсақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының Марқакөл көлінде заңсыз балық аулап жүрген қылмыстық топпен күресуді тапсырған болатын.

Осыдан кейін ҚР Ішкі істер министрлігі Марқакөлде гі заңсыздықтар бойынша арнайы операция өткізді. Қылмыстық топ ұсталып, қамауға алынды.

Жоғары қарай