Ауа райы
Астана -5 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 376.26
EUR 425.63
RUB 5.68
CNY 55.61

Ерлан Қошанов аймақтағы археологиялық қазбалардың жоспарын құруды тапсырды

2018 жылдың 23 шілде 2018 22:37 202

ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының әкімі аймақтағы археологиялық қазбалар мен олардан күтілетін нәтижелер жоспарын құрып, ортаға салуды тапсырды. Ол сонымен қатар ежелгі көмулер анықталған жерлерде туристік базалар жасау керектігін атап өтті, деп хабарлайды өңір басшысының ресми сайты. 

Өткен демалыс күндері Қарағанды облысының әкімі Ерлан Қошанов жұмыс сапарымен Шет ауданында болып қайтты. Ол 2016 жылы анықталған Қаражартас қорымында болды. Мұнда Қазақстан үшін бірегей болып табылатын сатылы пирамида түріндегі ежелгі көмулер бар. 

Осы қорымнан төрт шақырым қашықтықта қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатыр. Археологтар қола дәуірінде өмір сүрген адамдардың және тұрмыстық заттардың қалдықтарын, сондай-ақ екі дөңгелекті күйме арбаға жегілген атымен қоса жерленген жауынгердың сүйектерін анықтаған. 

- Көбінесе осылайша Қазақстанның қазіргі аумағына қарағанда, Қытайда дәулетті жауынгерлерді көбірек жерлеген. Көріп отырсыздар, жерлеу екң дөңгелекті арбаға ұқсас - ортасында сәл артында қаза болған екі жауынгердің мәйіті, алдында бірінен соң бірі жатқан екі ат жерленген. Сондай-ақ қабірде тұрмыстық заттар мен қару-жарақтар бар: псалия - ежелгі жүгендегі ауыздық, найзаның тастан жасалған ұшы, тастан қашалып жасалған садақ оғының ұшы, найзаның қоладан жасалған ұшы, алтын жалатқан салпыншақ және көптеген керамикадан жасалған ыдыс-аяқтар. Бұл адам осы өмірде қандай болса, басқа жалғанда да сондай болады деген сеніммен байланысты. Бұл жаңалықты өте маңызды деп айтуға болады, себебі Қазақстанда ондай қазбалар жиі кездесе бермейді, - дейді Е.А. Бөкетов атындағы ҚарМУ-ның жанындағы Сарыарқа археологиялық институтының аға ғылыми қызметкері Игорь Кукушкин. 

Қазіргі таңда қазба жұмыстары жүргізіліп жатқан Шет ауданы, Талды кентінің маңында қола дәуірі мен Беғазы-Дәндібай мәдениетінің әлі де анықталмаған, ашылмаған ескерткіштері көп деген болжам бар. Алайда, зерттеулер жүргізу үшін тұрақты қаржыландыру мен аймақтағы зерттеулерге жәрдемдесіп, жетекшілік ете алатын толыққанды тарихи-мәдени орталық қажет. 

- Қазбалардың жоспарын құрыңыздар, күтілетін нәтижелерді келтіріп таныстыру материалдарын әзірлеңіздер. Бұл аймағымыз үшін үлкен және қажетті жұмыстар, осы секілді жаңалықтар облысымызға келетін туристердің қатарын қалыңдатып, шетелдік мамандарды қызықтыруы әбден мүмкін. Бұл жұмыстарды жалғастыру керек. Өз тарапымыздан біз қанша және қандай бағыттарға қаражат бөле алатынымызды ойластыратын боламыз, - деді археолог Игорь Кукушкинге  Ерлан Қошанов. 

Сонымен қатар облыс әкімі ежелгі қазбаларды тамашалауға келетін туристер үшін инфрақұрылымды жақсартып, жағдай жасауды тапсырды. 

- Адамдар пирамиданы көруге күн сайын келеді. Осы жерде этно ауыл құруға және келушілерге ыңғайлы жағдай жасауға дайын бизнесмен де табылды. Қазір біз бұл бағытта жұмыс атқарып жатырмыз, - деп мәлім етті Шет ауданы әкімінің орынбасары Мұхит Мұхтаров. 

Қаржартас қорымының маңайында табылған жерлеулер туралы Сарыарқа археологиялық институтының қызметкерлері осы жылдың қыркүйек айында өтетін халықаралық археологтар симпозиумында айтатын болады. 



null

null

null

 

Жоғары қарай