Ауа райы
Астана 0 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Еркін күрестен тағы бір балуан Олимпиада жолдамасын жеңіп алды

2019 жылдың 21 қыркүйек 2019 16:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпара - Бүгін күрес түрлерінен елордада өтіп жатқан әлем чемпионатында Әлішер Ерғали Токио Олимпиадасына жолдама жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тіліші.

97 келі салмақта ел намысын қорғап жатқан балуанымыз ширек финалда моңғолиялық қарсыласын 10:0 есебімен, мерзімінен бұрын жеңіп, жартылай финалға шықты. Осылайша, жүлделі орындарға таласу мүмкіндігімен қатар 2020 жылғы Олимпиада ойындарының жолдама алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін 74 келіде белдескен Данияр Қайсанов Олимпиадаға жолдама жеңіп алғанын жазған болатынбыз.

Бұл еркін күрес шеберлері жеңіп алған төртінші Олимпиада жолдамасы. Бұған дейін Данияр Қайсановтан бөлек, Нұрислам Санаев және Дәулет Ниязбеков лицензияға қол жеткізді.


Автор Күнсұлтан Отарбай
Басты сөздер: Спорт, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай