Ауа райы
Нұр-Сұлтан 17 °С
Алматы 21 °С
валюта бағамы
USD 380.56
EUR 430.15
RUB 6.02
CNY 55.55

Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

2019 жылдың 13 сәуір 2019 18:52 1042

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын ұлттық құрама мүшелері белгілі болды. Бұл балуандар 23-29 сәуірде Қытайдың Қытайдың Сиянь қаласында күрес түрлерінен жалауын желбірететін құрлықтық додада ел намысын қорғайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Еркін күрестен ұлттық құраманың бас бапкері Әсет Серікбаевтың айтуынша, аталмыш жарыста негізінен жастарға сенім артылады. Олар биыл Шымкент қаласында өткен спартакиада барысында іріктелген. Спартакиадада чемпиондық атаққа қол жеткізген балуандардың барлығы дерлік Азия чемпионатында боз кілемге шығады.

Алдағы уақытта елімізде Олимпиадаға лицензия берілетін әлем чемпионаты өтеді. Сол жарыста қазақстандық балуандар жоғары деңгейде ойын көрсетуі үшін Азия чемпионатында олардың дайындық барысы пысықталады.

Бас бапкердің айтуынша, кіші салмақтарда Жапония, Оңтүстік және Солтүстік Корея балуандары қарымды келеді. Сондай-ақ, Иран мен Өзбекстан балуандары да оңай қарсылас емес. Соған қарамастан біздің жігіттер негізінен жүлделі орындарға таласуды алдына мақсат етіп отыр.

Еркін күрестен Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасына Мейрамбек Қартбай (57 келі), Бауыржан Төребек (61 келі), Дәулет Ниязбек (65 келі), Нұрқожа Қайпанов (70 келі), Данияр Қайсанов (74 келі), Ғалымжан Өсербаев (79 келі), Әділет Дауланбаев (86 келі), Ералы Әбдірашев (92 келі), Әлішер Ерғали (97 келі) және Олег Болтин (125 келі) шақырту алған.

Күрес түрлерінен Қазақстан құрамалары бүгінде АІВА спорттық базасында жаттығуда дайындығын жүргізіп келеді. Құрама мүшелері 20 сәуірде Қытайға аттанады.

 

 

 

Автор: Әділжан Үмбет
Басты сөздер: Спорт,
Жоғары қарай