Ауа райы
Астана -1 °С
Алматы 0 °С
валюта бағамы
USD 386.30
EUR 428.14
RUB 6.08
CNY 54.87

Ерейментаудағы дала өрті екі тәулікте сөндірілді

2019 жылдың 11 тамыз 2019 18:10

ЕРЕЙМЕНТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысының Ерейментау ауданындағы дала өрті сөндірілді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі аймақтық ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Ерейментау ауданында өрт сөндірушілер екі тәулік бойы арпалысып жүріп, дала өртін сөндірді. Тілсіз жау тамыздың 11-де сағат 09:30 ауыздықталып, сағат 15:50 сөндірілді.

9 тамызда Қойтас ауылдық округінің аумағындағы Қаратал және Масақпай жайлауында да өрт шыққан болатын. Жалын 300 гектар аумақты шарпыды. Зардап шеккендер жоқ», - дейді ведомстводан.

Ведомствоның мәліметіше, Тілсіз жауды ауыздықтауға ТЖД жеке құрамынан 52 адам мен 12 арнайы техника, «Ерейментау» орман шаруашылығының 14 жұмысшысы мен 3 техникасы, жергілікті атқарушы органдардың 112 қызметкері мен 18 техникасы, «KazHorseMugalzhar» ЖШС-ның 6 жұмысшысы мен 2 техникасы, «Қырманбай» ШҚ 2 техникасы жұмылдырылды.





«Ақмола облыстық ТЖД-да Ерейментау ауданындағы дала өртін сөндіру бойынша жедел штаб құрылды. Осыған қатысты кез келген мәлімет бойынша 8716-2-55-14-80 хабарласуға болады. Жағдайды өңірдің ТЖД басшысы өз бақылауына алды», деп толықтырды ведомстводан.


Жоғары қарай