Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 10 °С
валюта бағамы
USD 389.62
EUR 429.98
RUB 6.06
CNY 55.08

Ерейментау ауданына жаңа әкім тағайындалды - Ақмола облысы

2019 жылдың 9 сәуір 2019 21:06

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгiн Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Ерейментау ауданының активiне жаңа әкiмдi таныстырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыс әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазақстан Республикасы Президентi Әкiмшiлiгiнiң және аудандық мәслихаттың келiсiмдерi бойынша Ақмола облысы әкiмiнiң ағымдағы жылғы 9 сәуiрдегi өкiмiмен Абай Еламанұлы Әлжанов аудан әкiмi болып тағайындалды.

Абай Әлжанов 1965 жылы Ерейментау ауданында туған. Білімі жоғары. 2010 жылы Көкшетау университетін қаржы бакалавры мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1983 жылы Селеті ауданы Фрунзе атындағы кеңшардың жүргізушісі болып бастаған.

1996-2012 жылдары Ерейментау ауданы «Ырыс» ЖШС-нің директоры болып істеді.

2012-2014 жылдары Торғай ауылдық округінің әкімі, 2014 жылдың маусымынан бері Ерейментау ауданы әкімінің орынбасары лауазымын атқарды.



null

Жоғары қарай