Ауа райы
Астана 7 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 369.36
EUR 431.30
RUB 5.45
CNY 53.80

Ер адам болып киінген астаналық қыз букмекер кеңсесін тонады

2018 жылдың 14 тамыз 2018 16:42 440

АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана полициясы букмекерлік кеңсені тонауы мүмкін күдіктілерді ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қалалық Ішкі істер департаментіне сілтеме жасап.

Бұған дейін қалалық департаментке белгісіз біреулердің Бөгенбай батыр даңғылындағы букмекерлік кеңсенің кілтін бұзып, кассадан 1 млн 340 000 теңгені тонағаны туралы хабар келіп түскен.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізіп, бейнебақылау жазбаларын талдап, қызметкерлерден жауап алу арқылы полиция кеңсенің 23 жастағы бұрынғы қызметкерін анықтаған. Небары екі апта жұмыс істеген қыз кеңсе есіктері мен сейф кілттерінің көшірмесін жасатып үлгерген.

5 тамыз күні таңғы сағат 5-те күдікті өз құрбысымен «Олимп» букмекерлік кеңсесіне келген. Бейнебақылауда танылып қалмау үшін ол медициналық маска киген және ер адамға барынша ұқсау үшін шашын капюшонға жасырған. Алдын-ала дайындалған кілттермен кеңсе есігін ашып, дабылды өшірген. Ақшалай қаражатты алған соң күдікті дабылды қайта қосып, есікті жауып кеткен.

Аталған факт бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 188-бабы, 3-бөлігінде («Ұрлық») көрсетілген қылмыстық құқықбұзушылық бойынша тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

 

 

Жоғары қарай