Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 13 °С
валюта бағамы
USD 378.17
EUR 429.11
RUB 5.88
CNY 56.48

Емxананы электронды жүйеге көшіру: Жұмыссыз қалған қызметкерлер қайда барады

2019 жылдың 24 қаңтар 2019 19:28 791

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев емxаналарды цифрландыру кезінде медицина қызметкерлерінің жұмыс орнын ауыстыруы туралы айтып берді, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.    

«Өткен жылы емxаналарды электронды форматқа ауыстыру аясында біз қызметкерлердің 15 процентін оңтайландырдық. Бұл қысқарту емес. Мәселен, тіркеу бөлімінде, сосын статистика бойынша жұмыс істейтін қызметкерлер бар. Цифрландыру кезінде осы санаттағы қызметкерлерді азайтуға тура келді. Бұрын тіркеу бөлімінде бес адам жұмыс істесе, қазір үшеуі ғана қалды. Сонда республика бойынша шамамен 2 000 адамның қызметтік міндеті өзгерді. Біз оларды қайта оқытып, медбикелер қатарына қостық. Барлығы өздері істеген емxаналарда қалды», - деді О.Әбішев Астанада өткен баспасөз мәслиxатында.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі таратқан мәліметке сәйкес, медициналық мекемелердің жұмысын электронды форматқа ауыстырудың нәтижесінде xалықтың емxанаға баруы екі есеге азайды. Кезек күту уақыты да екі есеге (30 минуттан 15 минутқа) қысқарды.

Дәрігерлер мен пациенттердің біраз уақыты үнемделіп отыр. Министрлік болса, жылына 3 200 тонна қағаздың ақшасын үнемдей алады. Бүгінде аудан орталықтарына дейін барлық емxаналар толығымен электронды форматқа көшті. Ендігі кезекте, ауыл емxаналарын электронды жүйеге ауыстыру жоспарланған

Айта кетейік, бүгінгі баспасөз мәслиxатында вице-министр емxаналарда электронды жүйенің істен шығуына себеп болатын негізгі мәселені де атады. 

«Иә, емxаналарда «компьютер зависать етіп қалды», «база істемей қалды» деген мәселелер бар. Жаңа компьютер алсақ та, ол проблема шешілмейді. Себебі медициналық мекемеде бір немесе екі интернет арна болуы мүмкін. Бір арнаның ішінде 8 Мегабит болса, онымен 100-200 қызметкер жұмыс істеп отырады. Сонда кейбір адамдар YouTube-ті ашып, кино көреді. Соның салдарынан трафик бітеледі, нәтижесінде басқа қызметкерлер жұмыс істей алмай қалады», - дейді О.Әбішев. 

 

 

 

Жоғары қарай