Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Емтихансыз жүргізуші куәлігін беру үшін инспектор 102 мың теңге пара алған

2019 жылдың 4 сәуір 2019 18:41

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында жүргізуші куәліктерін емтихансыз беруге әрекеттенген сыбайлас топ ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғаммен байланыс департаментінің директоры Арман Бердалин мәлімдеді.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл ұлттық бюросының Жамбыл облысындағы департаменті теориялық және практикалық емтихандарды қабылдамай, «В» және «Е» санаттарындағы жүргізуші куәліктерін алуға жәрдемдескені үшін екі азаматтан 102 мың теңге пара алған облыстың Шу аудандық полиция бөлімі тіркеу-емтихан тобының мемлекеттік автоинспекторына (полиция майоры) және оның үш сыбайласына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Кінәсін толық мойындауына байланысты күдікті тұлғаларды процестік ұстау қолданылған жоқ. Тергеу жалғасып жатыр», - деді Арман Бердалин елордада өткен брифингте.

Оның айтуынша, жыл басынан бері мемлекеттік автоинспекторлардың теориялық және практикалық емтихандарды қабылдамай, заңсыз емтихан парақтарын толтыруы және жүргізуші куәліктерін беруі жөнінде 37 факті (Ақтөбе - 27, Маңғыстау - 8, СҚО - 1) анықталды.

«Қазіргі уақытта Ұлттық бюро ұқсас схемада жұмыс істейтін полиция қызметкерлері мен сыбайлас-көмекшілерді жаппай анықтау жұмыстарын жүргізіп жатыр», - деді А. Бердалин.

Жоғары қарай