Ауа райы
Астана 31 °С
Алматы 32 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 432.47
RUB 6.12
CNY 55.78

Эмомали Рахмон Орталық Азиядағы мұздықтардың тез еруіне алаңдаулы

2019 жылдың 15 маусым 2019 16:38 792

ДУШАНБЕ. ҚазАқпарат - Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон табиғи апаттан зардап шеккен АӨСШК елдеріне жан-жақты көмек көрсетудің тиімді механизмдерін жасауды ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 

«Қоршаған орта мен климаттың өзгеруі біздің ынтымақтастықтың тағы бір маңызды бағыты саналады. Жыл сайын табиғи апаттар біздің елдеріміздің экономикасына алапат шығын әкеледі. Осыған байланысты, біз табиғи апаттан зардап шеккен АӨСШК елдеріне жан-жақты көмек көрсетудің тиімді механизмдерін жасауды ұсынамыз», - деді Эмомали Рахмон Душанбеде өткен АӨСШК саммитінде.  

Сонымен бірге, ол жерінің 93 пайызын тау құрайтын Тәжікстанның географиялық ерекшеліктеріне байланысты табиғи апаттар мен адам шығыны алдында әлсіз екенін атап өтті.


null 

«Соңғы 40 жылда біздің елімізде мыңнан астам мұздықтар еріп кетті. Бұл өз кезегінде ұлттық экономиканың негізгі сегменттері - гидроэнергетика, ауыл шаруашылығы, өнеркәіспке залал келтіреді. Мұздықтардың тез еруі Орталық Азияның су ресурсының көлеміне әсер етеді. Орталық Азия суларының 60 пайыздан астамы Тәжікстан аумағында жиналады. Бұл тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруға кедергі келтіреді», - деп сөзін толықтырды Тәжікстан президенті. 


null 

Айта кетейік, Душанбеде өтіп жатқан АӨСШК саммитіне Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев та қатысуда.

 

Жоғары қарай