Ауа райы
Астана 5 °С
Алматы 14 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

«Ембімұнайгаз» компаниясына жаңа басшы тағайындалды

2020 жылдың 17 қаңтар 2020 16:17

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында мұнай кен орындарының тобын өндірумен айналысып жатқан «Ембімұнайгаз» компаниясына жаңа басшы келді. Бұл туралы ҚазАқпарат тілшісі «Ембімұнайгаз» АҚ қоғаммен байланыс бөліміне сілтеме жасап хабарлайды.

«Директорлар кеңесінің шешімімен «Ембімұнайгаз» АҚ басқарма төрағасы қызметіне Есен Қайыржан тағайындалды. Ол 1962 жылдың 15 қарашасында Атырау облысында туған. В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын, В. П. Горячкина атындағы Мәскеу мемлекеттік агроинженерлік университетін, РФ Үкіметі жанындағы халық шаруашылығы академиясын бітірген.

Еңбек жолын Маңғышлақта 5-разрядты слесарь-жөндеушісі болып бастаған. «Торғай-Петролеум» АҚ бас директоры қызметін атқарған, «Құмкөл-Лукойл» АҚ, «Өңтүстікмұнайгаз» ГАҚ, «Маңғышлақмұнай» бірлестігінің «Жетібаймұнай» МГӨБ компанияларында жұмыс істеген. «Қаражанбасмұнай» АҚ және «Қазгермұнай» БК» ЖШС президенті болған. 2018 жылдан бері «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ сатып алулар және жабдықтау жөніндегі басқарушы директоры қызметін атқарған.


Фото: nb.kz

Жоғары қарай