Ауа райы
Астана 8 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 448.01
EUR 495.86
RUB 5.64
CNY 63.19

Елорданың кейбір көшелерінде көлік қозғалысы шектеледі

2020 жылдың 14 қаңтар 2020 01:50

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат- Елордада 16 қаңтардан бастап теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Нұр-Сұлтан қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы теміржол арқылы өтетін көпірдің тірек бөлігіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізуді жоспарлауда. Осыған байланысты, 16 қаңтардан бастап Бөгенбай батыр даңғылы бойымен Ш.Уәлиханов көшесінен Ақжол көшесіне дейін көліктің барлық түрлеріне қозғалыс шектеледі.

Қозғалыс шектеулеріне байланысты жол жолақтарының саны әр бағытта 4-тен 2-ге дейін азаяды. Аталған учаскедегі жүктемені азайту үшін автобус маршруттарын қоспағанда, көпірден солға Ш.Уәлиханов көшесіне бұрылуға уақытша тыйым салу жоспарланған.

Сондай-ақ, шамадан тыс жүктемені алдын алу үшін жақын маңдағы қиылыстарда жанама шаралар өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары қала жолдарында кептелістерді болдырмас үшін маршруттарын алдын ала жоспарлау қажеттігі ескертіледі.

Басты сөздер: Көлік, Қоғам, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай