Ауа райы
Астана 9 °С
Алматы 15 °С
валюта бағамы
USD 389.52
EUR 429.21
RUB 6.07
CNY 54.94

Елорданың Байқоңыр ауданына жаңа әкім тағайындалды

2019 жылдың 24 сәуір 2019 16:23

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Асқар Есілов Байқоңыр ауданы әкімі болып тағайындалды. Мәслихат депутаттары оның кандидатурасын бірауыздан қолдады, деп хабарлайды ҚазАқпарат қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Бүгін қала әкімі Бақыт Сұлтанов Байқоңыр ауданы әкімі мемлекеттік әкімшілік лауазымына тағайындауға Асқар Есіловтың кандидатурасын ұсынды.

«Асқар Есілов 1979 жылы Целиноград қаласында туған, ұлты қазақ, білімі жоғары, 2002 жылы Орал мемлекеттік заң академиясын, 2005 жылы Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетің тәмамдаған. Еңбек жолын 1998 жылдан бастап Астана қаласы Қаржы департаментінің бас маманы-заңгер қызметін атқарудан бастаған. 2014 жылғы сәуір айынан бастап 2015 жылғы 2 наурыз айына дейін - «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ корпоративті басқару департаментінің директоры. 2016 жылғы сәуірден бастап қазіргі уақытқа дейін Нұр-Сұлтан қаласы Алматы ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды. А. Есіловтың кандидатурасын қолдауды сұраймын», деді қала әкімі мәслихат депутаттарына.




null

Депутаттар Нұр-Сұлтан қаласы Байқоңыр ауданының әкімі қызметіне ұсынылған А. Есіловтың кандидатурасын бірауыздан қолдады.





null

Жоғары қарай