Ауа райы
Астана -2 °С
Алматы 20 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елорданы газдандыруға қатысты тұрғындардың сұрақтарына жауап беріледі

2019 жылдың 20 қыркүйек 2019 22:31

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 26 қыркүйекте «Nur Otan» партиясының астаналық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында қаланы алдағы уақытта газдандыру дайындығына қатысты мәселелер көтеріледі, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Бұл туралы «Nur Otan» партиясының астаналық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Ерлан Қаналимов мәлім етті.

«Қашан астанаға газ өткізіледі, Нұр-Сұлтанда газ қондырғысы мамандары бар ма, кім оларды дайындайды және тағы басқалар. Елордада Назарбаев Университеті, Ғарыш орталығы және Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің академиясы қосылған бір регазификациялық станса пайдалануға берілгенін көп адамдар білмейді. 26 қыркүйекте «Nur Otan» партиясының астаналық филиалының партиялық бақылау комиссиясының отырысында біз қаланы алдағы уақытта газдандыру дайындығына қатысты сұрақтарға жауап аламыз», деп жазды Ерлан Қаналимов Facebook-тегі парақшасында.

Оның айтуынша, жиында комиссияның қарауына халықтан келіп түсетін проблемалық мәселелерді, тиісті инфрақұрылымды құруды және т.б мәселелер көтеріледі.

Астананы газдандыру жобасының техникалық-экономикалық негіздемесіне сәйкес газ тарату желілерін салу 3 кезеңге бөлінген.

«Бүгінгі таңда жобаның бірінші кезеңі үшін 9 іске қосу кешені (ЖЭО жеткізу желілері, Көктал-1 және Көктал-2 теміржолында газ тарату желілерінің құрылысы, сондай-ақ т/м Железнодорожный, Өнеркәсіптік және Оңтүстік-шығыс), құрылысы биыл басталады деп жоспарланған», дейді Ерлан Қаналимов.

Онлайн режімде өтетін жиналысқа кез келген адам қатыса алады. Ол аталмыш мәселеге қатысты тұрғындардың сұрақтары мен тілектері болса rustam.str@mail.ru электронды поштасына және WhatsApp мессенджеріне (8701399302) жіберуді сұрады.


Жоғары қарай