Ауа райы
Астана -3 °С
Алматы 9 °С
валюта бағамы
USD 447.67
EUR 491.36
RUB 5.74
CNY 63.07

Елордалық жүргізушілердің қарызы 37 млн теңгеден асты

2020 жылдың 14 ақпан 2020 13:53

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елордалық жүргізушілердің бюджетке қарызы 37 миллион теңгеден асты. Бұл туралы ҚазАқпарат Полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Елордада «Борышкер» жедел-алдын алу шарасы басталған сәттен бастап полиция қызметкерлері жалпы сомасы 37 миллион теңгені құрайтын 6 мың хабарламаны таратқан.

«Жедел алдын алу шарасы кезінде борышкер жүргізушілерден шамамен 6 миллион теңге өндірілді. Жалпы алғанда, көлік құралын жүргізу құқығына ие болуы үшін қажетті құжаты жоқ (сақтандыру полисі), жалған мемлекеттік нөмірі бар және Қазақстан Республикасының жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін тиісті құжаттары жоқ жүргізушілерге қатысты 10 автокөлік коммуналдық тұраққа қойылды», - делінген хабарламада.


Автор Зарина Қаһарман
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Қоғам, Көлік,
Жоғары қарай