Ауа райы
Астана 6 °С
Алматы 4 °С
валюта бағамы
USD 389.98
EUR 434.01
RUB 6.10
CNY 55.04

Елордалық полицейлер 22 жыл бұрын болған қылмысты ашып, кінәліні тапты

2019 жылдың 19 сәуір 2019 13:03

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Көп жыл бұрынғы қылмыстардың бірін зерделеу барысында полиция қызметкерлері жаңа фактілерді анықтау үшін көп жұмыс атқарды. Нәтижесінде күдіктілердің соңына түсіп, 20 жыл бұрын жасалған қылмысты ашты, деп хабарлайды ҚазАқпарат полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

1997 жылдың наурызында жеке үйде зорлық-зомбылық белгілері бар егде әйелдің мәйіті табылған. Кісі өлімінен бөлек, әйелдің үйінен бағалы заттар жоғалған. Полиция қызметкерлері бүгінгі таңда кеңінен қолданып жүрген жаңа технологияларды және техникалық құралдарды қолдану арқылы қылмыстық істі ашты.

Арада 22 жыл өткенде Нұр-Сұлтан қаласы ПД криминалдық полиция қызметкерлері қылмысты қайта қарау кезінде аталған оқиға қатысушыларының біріне шықты. Ол - ұрлық жасап, есірткі таратқаны үшін бірнеше рет сотталған, 1971 жылы туған азаматша А. Әйел аталмыш қылмыс жасалған кезде 26 жаста болған.

«Әйелдің қазіргі тұратын жері анықталды. Ол 20 жылдан астам уақыт елордада тұрып келген. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру барысында азаматша А. бәрін мойындап, өкінетіні туралы өтініш жазды. Онда ол кісі өлтірді деп бірнеше рет сотталған өзінің досы, 1970 жылы туған азамат Н. көрсеткен. Ол әйелді қорқыту арқылы қылмыс туралы ешкімге айтпауға көндірген. Әйел баяндаған фактілерге сүйене отырып, полиция қызметкерлері Н-ның есірткі қолданғанын және қайта-қайта ақшаға мұқтаж болғанын анықтады» делінген хабарламада.

Тергеп-тексеру барысында күдіктінің кінәсі толықтай дәлелденді.

Жоғары қарай