Ауа райы
Астана 2 °С
Алматы 8 °С
валюта бағамы
USD 389.94
EUR 433.50
RUB 6.10
CNY 55.13

Елордалық депутаттар Алтай Көлгіновке қаланың басты проблемаларын атады

2019 жылдың 26 маусым 2019 09:25

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов қалалық мәслихат депутаттарымен кездесті. Халық қалаулылары тұрғындардың анағұрлым өзекті мәселелері және қала инфрақұрылымын дамытудың жүйелі проблемалары жөнінде айтып, оларды шешу бойынша ұсыныстарын жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Әкімнің айтуынша, қаланың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету нысандары бойынша көптеген сұрақтар бар. Сондай-ақ үлескерлер, қаламаңын абаттандыру мәселелері де өз шешімін қажет етеді.

«Елбасы мен ел Президенті елорданы дамыту жөнінде алдымызға үлкен міндеттер қойды. Қала тұрғындары бізге сенім білдіру үшін оларды бірлесіп шешуіміз қажет», - деді ол.

Депутаттар жаңа аудандарды салу кезінде олардың инфрақұрылымын әзірлеуге мұқият қарау талап етілетінін, бұл ретте құрылысқа жауапты барлық мекеменiң өзара іс-қимылының нақты тетігі бiр жолға қойылуы тиістігін атап өтті.

Сондай-ақ, олардың пікірінше, бюджетті жоспарлау кезінде халықтың ұсыныстары, қажеттіліктері мен мүдделері ескерілуі тиіс.

Ең көп сұрақ саяжай алқаптары мен қаламаңын абаттандыру бойынша туындады. Кейбір тұрғын алаптарда тротуарлар, балалар алаңдары, жолдар, жылы аялдамалар, су бұру жүйелері жоқ.

Сонымен қатар, депутаттар халықтың әлеуметтік осал топтарын баспанамен қамтамасыз ету, кɵшелердегi кептелiстердi жою, тұрғын үйлерді салу кезінде энергия үнемдейтін технологияларды қолдану мәселелерін қозғады.

Әкім көтерілген барлық проблема кезең-кезеңімен шешілетінін атап өтті.

Басты сөздер: Әкім, Нұр-Сұлтан,
Жоғары қарай