Ауа райы
Нұр-Сұлтан 11 °С
Алматы 24 °С
валюта бағамы
USD 383.43
EUR 429.83
RUB 5.96
CNY 55.39

Елордаға электрмен жүретін 100 автобус сатып алынады

2019 жылдың 21 мамыр 2019 17:19 672

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Елордаға  электрмен жүретін 100 жаңа автобус сатып алынады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қалалық стратегиялық және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Айжан Түгелбаева айтты,  деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Астана ЛРТ жарғылық капиталы электрмен жүретін автобустар сатып алу үшін толықтырылады. Сатып алынатын электрмен жүретін автобустардың саны - 100. Сатып алу Қазақстан даму банкі лизингі арқылы жүзеге асырылады. Бастапқы 15 пайыздық жарнасын біз қамтамасыз етеміз. Одан ары қаржыландыру мен сатып алуды автобус парктері дербес жүргізеді», - деді ол бүгін Нұр-Сұлтан қалалық әкімдігі жанындағы қоғамдық кеңес отырысында.

Сонымен қатар ол жолаушылар тасымалын субсидиялау мәселесіне тоқталды.

«Әлеуметтік-маңызды, бірақ экономикалық тұрғыдан пайдалы емес бағдарлардың қызмет етуін қамтамасыз ету мақсатында жылдың басынан бастап әртараптандырылған тарифтің есебімен 2 млрд. теңге қарастырылды, кейін тағы 500 млн. теңге бөлінді. Қазір бюджеттің мүмкіндіктеріне сүйене отырып, сондай-ақ қажеттіліктің есебімен 1 млрд. теңге бөлінеді», - деді Айжан Түгелбаева.

Қоғамдық кеңес барысында елорданың 2019 жылға арналған нақтыланған бюджеті талқыланды. Онда Астана ЛРТ-ға қосымша 2,9 млрд теңге бөлу қарастырылған.

 

 

Жоғары қарай