Ауа райы
Нұр-Сұлтан 16 °С
Алматы 16 °С
валюта бағамы
USD 377.33
EUR 424.68
RUB 5.92
CNY 56.17

Елордадағы жантүршігерлік жол апаты: Автобустар жедел жәрдем көлігіне соқтығысқан

2019 жылдың 26 наурыз 2019 10:42 1339

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Астана LRT» елордада үш автобусқа қатысты жол-көлік оқиғасы бойынша жаңа мәліметтерді жариялады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«26 наурыз күні Ұлы Дала мен Қабанбай батыр даңғылы қиылысында үш автобустың және жеңіл көліктердің соқтығысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Қала маңы бағдарындағы № 301 автобус № 12 бағдардағы жолаушылар көлігімен соқтығысты. Осының екпінімен олар № 53 автобусқа және жедел жәрдем көлігіне барып соғылды», - деді «Astana LRT» ЖШС қоғаммен байланыс департаментінің басшысы Науат Азанбаева.

Осы орайда ол апаттың мән-жайы қазіргі кезде нақтыланып жатқанын атап өтті.


null 

«Алдын ала мәлімет бойынша зардап шеккен адамдар бар. Жол-көлік оқиғасы салдарынан 53-ші бағдар мен бірнеше жеңіл көлік қақтығысты. Оқиға бойынша қосымша мәліметті хабарлайтын боламыз»,  - деді ол.

Бұдан бұрын хабарланғандай, елордада автобустар апатынын екі адам көз жұмды.


null 

null 

 

 

 

 

 

 

 

 

Автор: Руслан Ғаббасов
Басты сөздер: Нұр-Сұлтан, Көлік, Оқиға,
Жоғары қарай