Ауа райы
Нұр-Сұлтан 19 °С
Алматы 23 °С
валюта бағамы
USD 382.38
EUR 428.30
RUB 5.97
CNY 55.39

Елордадағы көлік апаты: Жедел жәрдем 4 минутта жеткен

2019 жылдың 20 мамыр 2019 16:19 695

 НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жексенбі күні Нұр-Сұлтан қаласындағы «Гүлжан» сауда үйінің маңында 2 жеңіл көлік соғылып, бір әйел тіл тартпай кеткен, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

19 мамыр күнгі апаттан  барлығы  6 адам зардап шеккен. Соның ішінде 1967 жылғы әйел адам оқиға орнында қайтыс болған. Нұр-Сұлтан қаласының денсаулық сақтау басқармасының бас маманы Желеухан Пірімқұловтың айтуынша, жедел жәрдем жеткенде марқұм қайтыс болып кеткен. Ал қалған бес адамның барлығы №1 қалалық ауруханаға жеткізілген. Бәріне сол жерде алғашқы көмек көрсетіліп,  амбулаториялық емге жіберілген. 

«Қайтыс болған әйелдің жарақаты өте ауыр болған. Өкінішке орай, дәрігерлер жеткенше қайтып кеткен.  Жедел жәрдем оқиға орнына 4 минуттың ішінде жеткен. Қала бойынша 14 шағын қосалқы стансамыз бар. Соның бірі осы сауда орталығына жақын жерде орналасқан. Хабар түскенде бригада сол стансадан шықты», - дейді басқарма өкілі.

 

 

Жоғары қарай